Ұйымдар тізімі
Бүгін мектебімізде 2–6 сынып оқушылары арасында академиялық көшіру сынағы (зачет) ойдағыдай өтті! Әрбір жас музыкант өз өнерін көрсетіп, талпынысын байқатты. Сынақ барысында ұстаздар тарапынан әр балаға кәсіби кеңестер беріліп, алдағы уақытта түзетуді қажет ететін тұстар (ескертулер) нақты айтылды. Бұл — баланың музыкант ретінде өсуіне таптырмас бағыт-бағдар.
Келесі маңызды кезең:
Енді шәкірттеріміздің алдында жаңа міндет тұр. Олар 15 маусымға дейін жазғы демалысқа арналған жаңа бағдарламаны алып, оны өздігінен талдап (разбор жасап) үлгеруі тиіс.
Жазғы каникул — тек демалу уақыты емес, сонымен бірге аспапта ойнау шеберлігін жоғалтпай, жаңа туындыларды өз бетінше меңгеруге арналған тамаша мүмкіндік.
Барлық оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Жазғы бағдарламаны ерінбей, ынтамен дайындап, жаңа оқу жылына үлкен дайындықпен келеді деп сенеміз!



Жыл қорытындысы - 2026