Ұйымдар тізімі
Бүгін мектебімізде Наурыз мейрамын тойлау аясында ерекше рухты, өнерге толы шара өтті. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты мектепішілік жобаны зерделеу мақсатында, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Қазақ композиторларының шығармаларын үздік орындау" байқауы жалауын желбіретті.
Жас өнерпаздарымыз қазақ музыкасының алтын қорынан орын алған ұлы композиторлардың шығармаларын нақышына келтіре орындап, көрермендерді тәнті етті. Домбыраның күмбірі, қобыздың мұңы мен фортепианоның әуезі тоғысқан бұл күн нағыз өнер мерекесіне айналды. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, бақ сынасты.
Мерекелік шара тек музыкамен шектелген жоқ. Әз-Наурыздың басты символы — үлкен қазанға пісірілген дәмді "Наурыз көже" мен ұлттық тағамдардан дәм татылды. Балалар мәре-сәре болып, ұлттық құндылықтарымызды тереңірек сезінді.
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, ал ұстаздар қауымына еңбектері үшін алғыс айтамыз! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ақ мол болсын!





"Қазақ композиторларының...