2025 жылғы 18-19 ақпан күндері «Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» КММ балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық байқауының «Жас дарын» атты облыстық іріктеу кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты музыкалық дарыны бар білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
Байқауға Ақкөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Атбасар, Шортанды, Ерейментау, Зеренді, Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Астрахан, Сандықтау аудандары, жалпы облыстың 14 ауданы мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 125 бала қатысты.
Байқау қазақ және орыс халық аспаптары (домбыра тенор, үш ішекті домбыра, қобыз прима, қыл қобыз, жетіген, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара) сыныбы бойынша өткізілді.
Әділ қазы алқасының қорытынды шешімі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
«Прима қобыз сыныбы» номинациясы бойынша кіші жас тобы:
І орын – Киргизбаева Малика, Астрахан ауданы, Астрахан ауылының балалар музыка мектебі; оқытушысы - Тулетаева Н.К., сүйемелдеуші- Шахманова Е.А.
Жеңіспен құттықтай отырып, Республикалық кезеңде жеңіске жетулеріңізге тілектеспіз!