Текст
22 қазан күні мектебімізде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті!
Айтулы мерекеге орай балалар музыка мектебінің оқушылары өздерінің жүрекжарды өнерлерін паш етті. Сахнада әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалды.
Концерт барысында балалар Отанымыз — Қазақстан туралы қызықты викторинаға белсене қатысып, өз білімдерін шыңдай түсті. Ал мерекенің сәнін келтіріп, дәстүрімізге сай ерекше шашу шашылды!
Жас өнерпаздарымызға шығармашылық табыс, ал елімізге тыныштық пен амандық тілейміз!
Мереке құтты болсын!


