“Сәуірдің әуендері – 2025”
Бүгін, 24 сәуір күні, балалар музыка мектебінде дәстүрлі есептік концерт — “Сәуірдің әуендері” атты тамаша шара өтті!
Кеш барысында мектеп директоры Тулетаева Н.К. жыл бойғы жетістіктерді қорытындылап, ата-аналарға алғыс хаттар табыстады.
Білім бөлімінің басшысы атынан келген әдіскер Карасаева Гүлнұр Ораловна мектеп ұжымына зор алғысын білдіріп, директор мен ұстаздарға Алғыс хат берді. @otdel_obrazovaniya_astrakhanka
Сахнада тек ұжымдар өнер көрсетті:
• Кіші және үлкен домбырашылар ансамблі
• Әсем әуендерімен қуантқан вокал топтары
• Әуенге жан бітірген гитаристер
• Керемет үндестікпен өнер көрсеткен пианистер дуэті
• Шаттық сыйлаған хор
• Ұлттық өнердің үлгісі болған қобызшылар, домьырашылар ансамблі
Барша қатысушылар мен ұстаздарға алғысымыз шексіз! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!