Ұйымдар тізімі
2026 жылдың 1 маусымы — Халықаралық балаларды қорғау күнінде Көкшетау қаласында облыстық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен салтанатты Гала-концерт өтті.
Осынау айтулы шарада музыка мектебіміздің мақтанышы, ерен дарынымен көзге түскен шәкіртіміз Наполова Ксения жүлделі І ОРЫНДЫ иеленіп, арнайы марапаттауға ие болды!
Бұл үлкен жетістіктің артында қажырлы еңбек пен үлкен дайындық тұрғаны анық. Ксенияны осынау жарқын жеңісімен және оның тәлімгері, өнер жолында бағыт-бағдар берген аяулы педагогымыз З.К. Мухаметжанованы шын жүректен құттықтаймыз! Ксенияға тек сәттілік серік болсын! Өнер айдынында қанаттарың талмай, бұдан да биік белестерді бағындыра беріңдер. Шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз! Жұлдызың әрдайым жарық жансын, Ксения!




Жыл қорытындысы - 2026