Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы "Астрахан балалар музыка мектебі" мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Астраханская детская музыкальная школа"при акимате Астраханского района

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалімдердің назарына!

Құрметті педагогтер!

     Оқу-ағарту Министрлігінің орта білім беру комитеті педагогтерді аттестаттау рәсімі бойынша 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрыққа өзгерістер енгізуді дайындауда.  Педагогтерді аттестаттауды автоматтандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Жаңа жүйеде портфолио жинау толығымен алынып тасталады, яғни мұғалімдерге қағаз портфолиосын жинаудың қажеті жоқ.

Мұғалімдер тестілеуді тек оқытатын пәні бойынша тапсырады.

Қазіргі уақытта электрондық платформаны әзірлеу жалғасуда, бағдарламалық-техникалық жұмыстар жүргізілуде. Бұйрық жобасы сарапшылармен және педагогтер қауымдастығымен талқылануда.

Жаңа ереже 2024 жылы енгізіледі деп жоспарлануда. Жаңа ереже енгізілгенге дейін қолданыстағы аттестаттау ережесі қолданылатын болады.

Қосымша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барлық педагогтармен жүргізілетін болады. Сондықтан ресми дереккөздерге ғана сенуіңізді сұраймыз. Барлық ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында жарияланады.

Жаңартылған күні: 21.09.2023 11:54
Құрылған күні: 21.09.2023 11:54

Текст