Ұйымдар тізімі
2026 жылдың 5 маусым күні біздің музыка мектебімізде өзгеше толқыныс пен қуанышқа толы, өте ерекше күн болды. Жас дарындарымыздың мектеп қабырғасындағы үлкен бір белесті бағындырған сәті — Түлектер кеші өтті!
Жылдар бойы төгілген тер мен үздіксіз ізденістің айғағындай, әрбір түлегіміз өздерінің алғашқы кәсіби құжаты — музыкалық білім туралы куәліктерін салтанатты түрде қолдарына алды.
Сахна төрінде шәкірттеріміз киелі аспаптардың құдіретін сезіндіріп, өздерінің ең соңғы сиқырлы аккордтарын орындады. Ал олардың ұстаздар қауымына деген шексіз алғысы мен қимастық сезімі тамылжыта шырқалған әсем ән арқылы жетті. Бұл сәтте залдағы әрбір жанның толқығаны жасырын емес.
Ұл-қыздарының үлкен жетістігіне куә болып, қолдарына алған алғашқы маңызды құжаттарына мақтанышпен қараған ата-аналардың қуанышында шек болмады. Олардың жүзіндегі күлкі мен көздеріндегі бақыт жасы біз үшін ең үлкен марапат!
Қымбатты біздің түлектер! Музыка мектебінде алған білімдеріңіз бен өнерге деген махаббаттарыңыз өмірлік жолдарыңызға жарық сәулесін шашсын. Қанаттарың талмай, биік шыңдардан көріне беріңіздер!



Жыл қорытындысы - 2026