Ұйымдар тізімі
Астрахан ауылының Балалар музыка мектебі үшін бұл көктем үлкен жеңіспен басталды! Біздің талантты оқушыларымыз ұлы композитор Латиф Хамидидің 120 жылдығына арналған Республикалық байқауда ерекше көзге түсіп, ең жоғары марапаттарға ие болды.
Жеңімпаздарымызды мақтанышпен таныстырамыз:
ГРАН-ПРИ
* Наполова Ксения мен Төлетаева Аружан (Дуэт, Эстрадалық вокал, 12-14 жас)
* Асқапова Аруана (Фортепиано, 12-14 жас)
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ ҮШІН» ДИПЛОМЫ
Шәкірттерін биік белестерге жетелеп, кәсіби шеберлігін көрсеткен жетекшіміз — Мұхаметжанова Зәуре Қабдушәріпқызы арнайы дипломмен марапатталды.
Бұл жетістік — тынымсыз еңбектің, көптеген дайындықтар мен өнерге деген шынайы махаббаттың жемісі. Астана төрінде өткен бұл додада біздің өнерпаздар қазылар алқасының жоғары бағасын алып, мектебіміздің абыройын асқақтатты!
Ата-аналарға қолдаулары үшін алғыс айтамыз, ал жас музыканттарға шығармашылық жолда толағай табыстар тілейміз. Бұл жеңіс үлкен өнер жолының бастауы болсын!
Жарайсыңдар! Тек алға!





Түлектердің тыңдалымы