2024 жылдың 12 қараша күні БММ-нің Сансызбай Аян Даниярұлы сыныбында 2 сынып оқушысы Сатыпалды Несібелімен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Домбыра аспабында ойнаудың әдіс-тәсілдері»
«Тепеңкөк» халық күйін талдау. Сабақтың мақсаты: — Күйлер үйрету арқылы оқушының музыкалық қабілетін дамыту.— Домбыра аспабында ойнаудың тәсілдеріндұрыс меңгерту. Сабақ халық аспаптар бөлімінің 2-сынып оқушысы Сатыпалды Несібелімен өткізіледі. Білімділік: күйдің тарихы мен мазмұнын таныстыру арқылы музыкалық қабілетін арттыру, білімдерін тереңдету;
Тәрбиелік: күй өнері арқылы оқушы бойында рухани мәдениеттіқалыптастырып, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп - қастерлеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: «Тепеңкөк» күйінің шығу тарихын білу, характерін жеткізіп ойнау шеберлік деңгейін дамыту.