Ұйымдар тізімі
01.06.2026
Бүгін, 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық мәдениет үйінде ерекше жарқын әрі жоғары деңгейдегі мерекелік концерт өтті!
Бұл айтулы шараға музыка мектебіміздің вокал сыныбының оқушылары өте белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сахна төрінде әуезді дауыстарымен ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлаған жас дарындарымызды мақтан тұтамыз!
Барша бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтаймыз! Әрбір баланың балалық шағы бақытты, бейбіт және қуанышқа толы болсын! Болашақтарың жарқын, алар асуларың биік, ал шығармашылық жолдарың сәттілікке толы болсын. Әрдайым ата-аналарың мен ұстаздарыңның мақтанышы болып, биік белестерден көріне беріңдер! Жүздеріңнен күлкі, көздеріңнен бақыт оты ешқашан өшпесін!

