Астрахан балалар музыка мектебінде әдістемелік кеңсесінің отырысы өткізілді.
5.09.2017ж. Астрахан балалар музыка мектебінде оқытушылардың әдістемелік кеңсесінің отырысы
өткізілді. Отырыста мұғалімдер екі эдістеме тақырып бағытында мәселе ашты.
Бірінші тақырып « Бүлдірген оқушыларға патриоттық тәрбие музыкалық шығармалар арқылы беру» -
домбыра сыныбының оқытушысы Ахметжанова Н.К. баяндамасы оқылды.Оқушылардың өз
елінің сазды ән мен күйлерін сүю, және патриоттық сезімін деңгейту – қазіргі заманауи мәселесі.
Екінші тақырып «Оқушылардың саханалық деңгейін көтеру бағытында жеке жұмыс жасау тәсілдері» - фортепиано сыныбының оқытушысы Шибкова О.Ф. өз баяндамасында ашты. Сахналық бойын мәнерлеп көрсету үшін жеке сабақтарда оқушының психологиялық, азаматтық, көркемөнерпаздық шеберлігін көтеруі қажет.
Отырыстың жалғасында мұғалімдер мекткптің ішкі жұмыстарына көңіл бөліп, өз пікірлерімен бөлісті.
Астрахан балалар мектебінің халық аспаптар бөлімінің
меңгерушісі Ахметжанова Н.К.