Ұйымдар тізімі
08.06.2017
Жас түлектердің коштасу кеші
06.06.2017ж.Астрахан балалар музыка мектебінде 2016 -2017 оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кеші өтті. Ата – аналардың, қонақтардың және мұғалімдер ұжымының алдында мектеп директоры Мухаметжанова З.К. марапатты түрде жас түлектерге мектеп бітіру туралы куәлік таратты. Биылғы кештің ерекше бағдарламасын дайындаған фортепиано сыныбының оқытушысы Крыжная Е.А. Кеште жас түлектер мұғалімдердің кеңестерін естіп, өздері де жылы алғыстарын айтып, тақпақ, әндермен көнілдерін көтерді. Биыл мектеп босағасын домбыра, фортепиано сынып бағытында 8 оқушы аттады.
Домбыра сыныбының оқытушысы Ахметжанова Н.К.

