Емтихандық бағдарламасының 2- ші байқауы өтті
17.04.2017 ж. Астрахан балалар музыка мектебінде 2017 жылы түлектерінің емтихандық бағдарламасынын байқауы өткізілді. Биыл мектеп бітірушілер фортепиано және домбыра сыныбының арасында –8 оқушы. Мектеп бітіруші түлектердің репертуарында өз шарттары бар. Фортепиано сыныбының түлектері міндетті түрде 4 шығарманын ішінде 1 пьесасы – қазақстандық композитордың шығармасы, ал домбырашылар – 1 пьеса орыстың немесе шет елдік композитордың шығармасын орындауға тиіс. Барлық балалар дайындығын әр мәртеде көрсетіп, ұстаздардан кеңес алып, ары қарай дайындалуына жол тартты.
Домбыра сыныбының оқытушысы Ахметжанова Н.К.