2022 жылдың 12 желтоқсанында балалар музыка мектебінде «Менің елімнің тірі бұлағы» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған байқау өтт!!! Дайындаған және жүргізген – фортепиано сыныбынығ оқытушысы Шибкова О.Ф.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қиялын белсендіру, ұлттық өнер дәстүріне баулу;
балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өзін-өзі жүзеге асыруға және өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау.
Міндеттері: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы, Қазақстан Республикасы, көпұлтты мемлекет ретінде, әр ұлт өз тілі мен мәдениетін дамытуға құқығы бар туралы алған білімдерін бекіту;
- Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу: әдет-ғұрып, салт-дәстүр: әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы толерантты қарым-қатынас;
- оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Жарыс 3 жас категориясы бойынша өтті: кіші, орта және үлкен топ! Барлығы 26 оқушы қатысты. Барлық қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз және әрқашан шығармашылық жеңістер тілейміз!!!!