Текст
2023 жылдың 18 қаңтарында музыкалық мектепте түзету кабинетінің балаларына арналған «Жүректі музыкамен толтырайық» атты концерт өтті! Бұл концерттің мақсаты - музыка мен музыкалық шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті ояту үшін қолайлы атмосфера құру. Концертті вокал және фортепиано сыныбы бойынша оқытушы З. К. Мұхаметжанова өткізді. Концерт музыкалық станцияларға саяхат түрінде өтті (фортепиано, гитара, халықтық, вокалдық және Достық станциялары). Әр станцияда балаларды музыка мектебінің оқушылары өздерінің тамаша қойылымдарымен қарсы алды!! Балалар мен ересектер таңғажайып музыка елін аралап, жүректерін музыкамен толтыра алды!!!