Текст
БММ бітіру сыныбының оқушысы Серікбай Сейхан "Аспаптық жанр" номинациясы бойынша ІІІ Халықаралық "Қысқы қиял" орындаушылық шеберлік байқауында ГРАН-ПРИ иегері атанды, оқытушысы Шибкова Ольга Федоровна. Сейхан байқауда Н.Федорованың "Театрда" атты шығармасын орындады. Музыка мектебінің жаңа жылы жаңа жеңістермен басталды!! Шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!!!