Текст
2023 жылдың 27 ақпанында Балалар музыка мектебінде оқушылар мен оқытушылардың орындауымен Алғыс айту күніне арналған ансамбльдер байқауы өтті!
1 наурызда Қазақстан ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірін атап өтеді. Бұл елдегі бейбіт өмір үшін өте қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі! Байқауда пианистердің, гитаристердің, қобызшылар мен домбырашылардың таңғажайып дуэттері шырқалды. Э. Григтің "Пер Гюнт" сюитасынан шыққан "Тау патшасының үңгірінде" шығармасы 4 қолмен ойналды (мұғалімдер мен оқушылар квартеті), әр түрлі ансамбльдер: қобызшылар, гитаристер мен пианистер бізге музыкасымен үлкен рахат сыйлай алды!!! Байқаудың барлық қатысушылары грамоталармен марапатталып, құрметті орындарға ие болды!!