Текст
2023 жылдың 14 сәуірінде Көкшетау қаласында XVIII Республикалық «ЖҰЛДЫЗАЙ» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және Гала концерті өтті. Балалар музыка мектебінің оқушысы Наполова Ксения өз өнерін көрсетіп, 1-дәрежелі Дипломмен, сонымен қатар мұғалімге Мұхаметжанова З.К. Алғыс хатымен марапатталды! Жеңісіңізбен құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!!!